Бүгін біздің балабақшада «Жаз да келді көңілді» тақырыбында көңілді ойын-сауық өтті.
Мақсаты: балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, жаз мезгіліне деген қызығушылықтарын арттыру, таза ауада белсенді демалуға деген ықыластарын қалыптастыру, шығармашылық және қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамыту.
Іс-шара барысында балалар жаз туралы ән айтып, өлең оқып, көңілді ойындар мен эстафеталарға қатысты. Мереке өте жарқын әрі қызықты өтті, балалардың жүзінде күлкі мен қуаныш сыйлады!

