Бүгін біздің балабақшада ерекше әрі сиқырға толы “Хогвартсқа жолдама” атты қоштасу кеші өтті!
Кішкентай бүлдіршіндеріміз сиқыр әлеміне саяхат жасап, Хогвартс оқушыларына айналды. Әр бала өз өнерін көрсетіп, батылдығын, ақылдылығын және достығын дәлелдеді.
Бүгінгі кеш — тек қоштасу емес, бұл жаңа өмірге жасалған алғашқы қадам. Енді біздің кішкентай сиқыршыларымызды мектеп атты үлкен сапар күтіп тұр!
Балаларымызға ақ жол, жарқын болашақ және үлкен жетістіктер тілейміз!
Естелікке толы бұл күн жүрегімізде мәңгі сақталады…

