“Айгөлек” мектепалды тобы
«Болашаққа жол» - атты мектепалды даярлық тобының балабақшамен қоштасу ертеңгілігі.
Балалық балдәурен шақпен қоштасу – әрбір бала үшін есте қаларлық ерекше кезең. Осы орайда балабақшамыздың мектепалды даярлық тобы үшін «Болашаққа жол» атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – тәрбиеленушілерді мектеп табалдырығына шығарып салып, олардың бойындағы өзіне сенімділік, жауапкершілік, шығармашылық қабілеттерін көрсету. Сонымен қатар балабақшада алған білімдері мен дағдыларын ортаға салу, ата-аналар мен тәрбиешілерге деген алғыс сезімдерін білдіру болды.
Мерекелік кеш әсем әнмен, көңілді бимен, әсерлі өлең жолдарымен басталды. Балалар тәрбиешілеріне, ата-аналарына, достарына деген сағыныштарын, ризашылықтарын білдіре отырып, сахна төрінде өнерлерін ортаға салды. Ертеңгілік барысында балалар мектеп жайлы армандарын айтып, болашаққа сенімді қадам басуға дайын екендерін көрсетті.
Тәрбиешілер де өз тараптарынан ақжолтай тілектерін білдіріп, балаларға ақ жол тіледі. Ата-аналар көңіл толқытар сәттерге куә болып, балалардың өсіп, жаңа белеске қадам басқанына қуанды.
Мерекелік кеш соңында балаларға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
Бұл ертеңгілік – балабақшаның үлкен бір кезеңінің қорытындысы, алда күтіп тұрған мектеп өміріне жарқын қадам болары сөзсіз. Балаларға тек сәттілік пен жарқын болашақ тілейміз!
Тәрбиешілер: Сарина Гульдана Бериковна, Ахмадиева Акмарал Бейсенбековна

