Жаңалықтар

Тоғызқұмалақ Спорт шеберінен уміткер

Суйінші! Тамаша жаңалық!

Қасым - Жеңімпаз!

7 жастағы Қасым Ернатұлы Тоғызқұмалақтан 9 жасқа дейінгі балалар арасында блиц турнирінен Астана қаласының чемпионы болды. Осылайша ол Тоғызқұмалақ Спорт шеберінен уміткер атанды.

Қасым маусым айынын аятына карай Қостанай қаласында өтетін Тоғызқұмалақ республикалық чемпионатқа жолдама алды.

Негізі Астана чемпионаты 3 кунге созылып, Тоғызқұмалақтын 3 түрінен жеке-жеке жарыс болды. Қасым ушеуінде де бақ сынады. Классика және рапид түрінен III орын алған.

Қасым Ернатұлы 2018 жылы 3 наурыздан Астанада тұрады. Қазір жасы 7-де. Биыл Астанада Ахмет Байтұрсынұлы атында BINOM мектеп-лицейінің 1 «А» сыныбын тәмамдады. Устазы - Шынар Айтмұхамбетқызы.

Қасым бестемшемен балабақшада булдіршін кезінен 5 жасынан ойнай бастады. Бестемшеге алғаш баулаған бакшадағы апайы – Гулжайна Бигелдіқызы Еселбаева. Топ тербиешісі – Айгүл Жарылқасынқызы. Сол 5, 6 жастарында бестемшеден өзі барған «Еркем-ай» Nº69 балабакшасының жеңімпазы болды. 2024 жылы Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары жене Астана қаласы балабақша тәрбиеленушілері арасында аймақтық жарыста III орын алды. Сосын балабақшада жүріп, Әлем чемпионы Құндыз Есіркептен Тоғызқұмалақ уйрене бастады.

2024 жылы қарашада 6 жасында Астана қаласының чемпионатына қатысып, 9 жасқа дейінгі 31 баланың арасында 8-орынға табан тіреді.

  • 01
  • 02

        

 

 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41