Жаңалықтар

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында мектепалды топ тәрбиеленушілерімен «Табиғатты аялайық» тақырыбында эко-іс-әрекет ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында балаларға қалдықтарды сұрыптау (сорттау) туралы танымдық бейнеролик көрсетіліп, қоршаған ортаны қорғаудың маңызы түсіндірілді.

Одан кейін алынған білімдерін бекіту мақсатында ойын түріндегі іс-әрекеттер ұйымдастырылып, балалар қоқысты дұрыс сұрыптауды тәжірибе жүзінде үйренді.

Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41