Жаңалықтар

Соңғы жылдары қоғам мүлкін қасақана жоятындардың саны көбейді. Мәдени құндылықтарға деген құрметті өскелең ұрпақтың санасына сіңіру - басты міндет. Біз мәдениетті, білімді, санасы биік тұлғалар өсетін ортаны қалыптастыруға тиіспіз.

Балабақшада ата- аналарды қолдау бағдарламасы аясында патриоттық тәрбие беру негізінде “Бес асық” ойыны ұйымдастырылды. Бұл ойынға “Бәйтерек” мектепалды тобының балалары мен әкелері қатысты. Бұл ойын арқылы балалардың ұлттық ойынға деген қызығушылықтары қалыптасады. Шығармашылық, ізденімпаздық, ойлау қасиеттері дамиды, шыдамдылықтары артады, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.

Аталған семинарға еліміздің Астана, Петропавл, Қарағанды, Теміртау қалаларымен қатар, Қосшы елді мекеніненде мамандар қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар мақсаты – келешек ұрпақты ұлттық рухты азамат етіп тәрбиелеудегі мектепке дейінгі ұйымның бүгінде жасап жатқан іс-тәжірибемен бөлісу. Яғни қазақ халқының тілін, ділін, салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен етене таныстырып, оны өскелең ұрпақтың жетік білулеріне мүмкіндік жасау. Әр өңірден келген және онлайн қатысып отырған мамандар түрлі ұлттық құндылықтар турасында сөз алып, ұлттық ойындардың бала жасына сәйкестендіріп жасалған, ұтымды ойындармен қатыр әдіс-тәсілдермен бөлісті.

Аталған семинарды №69 «Еркем-ай» балабақшасының меңгерушісі бастан аяқ өзі жүргізіп, тәжірибелерімен бөліскен тәрбиешілер мен мұғалімдерге шығармашылық табыс тілеп, оң баға беріп, алғыс хатпен марапаттады.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41