Радикалды ағымдарды анықтау
- Қаралды: 47


13.02.2025 ж. № 69 “Еркем-ай” балабақшасында музыка жетекшісі А.М. Сарсембаева мен дене шынықтыру нұсқаушысы Д.Б. Каппасованың ұйымдастыруымен эксперименттік алаң жұмыс жоспарына сәйкес “Ұлттық аспаптар мен ойындарды ұштастыру” атты ересек топтар арасында эстафеталық жарыс өтті.
Мақсаты - баланың спорттық шеберлігін арттыру және ұлттық аспаптарды кеңінен насихаттау. Жарыс өте қызықты әрі тартысты болды.
№69 “Еркем-ай” балабақшасы педагогикалық “SABAQTASTYQ” жобасы аясында мектепалды топтарымен “Қарым -қатынас дағдылары мен тіл дамыту” тақырыбында ұйымдастырылған іс әрекет өткізілді. Ы. Алтынсарин атындағы №83 мектеп гиимназиясының бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Бүгін Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасы «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Арнайы және инклюзивті білім беру» бөлімінің әдіскерлері мен қалалық арнайы педагогтер қауымдастық мүшелерімен бірлесіп, №69 «Еркем-ай» балабақшасында Алматы, Сарайшық ауданы бойынша логопед, дефектолог арнайы мамандарының қалалық семинары өтті. Тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған семинарға отыздан аса арнайы мамандар қатысты.
