Жаңалықтар

Бүгін Астана қаласы Білім басқармасы Әдістемелік орталығы, @qazintellect «Тоғызқұмалақ зияткерлік қауымдастығы» ұйымдастыруымен №69 «Еркем-ай» балабақшасында «Бестемше» ұлттық ойнынан педагогтер арасында тартысты жарыс өтті. Көкшетау, Қызылжар, Қарағанды, Теміртау қалаларының мектепке дейінгі ұйым педагогтері арасында өткен ұлттық «Бестемше» ойыны ойдың ұшқырлығын, адамның санасын серпілтіп, ойлау мүмкіндігін шыңдайды. Кең көлемде өткізіліп отырған ұлтымыздың құнды мұрасы – «Бестемше» ұлттық ойынға іріктеуден өткен тек мықты деген жиырмаға жуық мектепке дейінгі педагогтері қатысты.

“Өмір қауіпсіздігі негіздерін сақтау” Мақсаты: балаларға балабақшадағы қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету; қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту; өз жеке басының қауіпсіздігін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу. “Құлыншақ” ортаңғы тобы Тәрбиешілер:Есельбаева Г.Б. Ботрашева Ж.Т.

Балабақшамызда “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында, “Өнерлі отбасы”атты отбасылық сайысы ұйымдастырылды.

Мақсаты: Ата-аналармен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы ілімдерін кеңейту.

№69 «Еркем-ай» балабақшасында «Тәрбие мен оқыту жұмыстарында Г.Кертаеваның әдістемесін қолдану» атты балабқшаішілік семинар өтті. Аталған семинарға балабақша тәрбиешілері мен мамандар қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Бүгін, 24.01.2025 ж. ҚР Оқу-ағарту Министрі Ғани Бектайұлының қатысуымен, Астана қаласы білім беру мекемелерінің басшыларымен, ашық форматтағы жиналыс болды. Жиналыста ұстаздардың келелі мәселелері талқыланып, болашақта оң шешімін табатындығы сөз етілді. Аталған бұл жиналыстың жалпы мақсаты мен маңыздылығы ерекше. ҚР оқу ағарту министрі Ғани Бектайұлы білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы мен болашағы туралы маңызды ақпаратпен бөлісті.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41