Жаңалықтар

Оған қала тұрғындары, кәсіпорындар мен ұйым өкілдері белсенді қатысуда.

Мұндай игі іс-шараға №69 «Еркем-ай» балабақшасының ұжымы да белсене атсалысып, балабақша айналасын қоқыстан тазартты. Табиғатты аялау, қорғау, қоршаған ортаға қамқорлық жасау, жанашырлық көзқарас таныту адамзаттың басты борышының бірі. Себебі, табиғат – баршамызға ортақ құнды байлық. Қазақта ежелден табиғатты аялауға, жақсы көруге үлкен мән берілген. Әрбір азамат қала тазалығына өзі жауапты. Сондықтан тазалықты бала бойына жастайынан сіңіруіміз қажет.

2023 жылы 03 шілдеде №69 «Еркем-ай» балабақшасында Астана қаласы  Білім басқармасымен және Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК  ұйымдастыруымен Астана қаласының 25 жыл, «Еркем-ай» балабақшасының 10 жыл мерейтойларына және «Ұлттық Домбыра күніне» арналған «Нағыз қазақ – домбыра!» атты  қалалық  мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараға Білім Басқармасы бастығының орынбасары Серік Тәукеұлы, мектепке дейінгі бөлімінің басшысы Ережепова Айгүл Қайратқызы, әдістемелік орталықтың өкілдері, балабақша меңгерушілері, әлеуметтік серіктестер, балабақша ұжымы, ата-аналар, балабақшаның «Әжелер мен аталар академиясы», «Әкелер мектебі», «Аналар институты» және балалар қатысты.

Астана қаласы Полиция Департаменті Алматы ауданы ішкі істер басқармасының Жергілікті Полиция Қызметінің бөлімі Ювеналды Полиция Бөлімшесінің кәмелет жасқа толмағандар полиция инспекторлары Полиция майоры Шамаева Ғалия Төлегенқызы Полиция капитаны Омарбекова Айнұр Қуантайқызы 20-30 мамыр аралығындағы «Абайланыз- балалар!”республикалық акциясы аясында №69 Еркем-ай балабақша тәрбиеленушілеріне жол жүру ережелерін түсінктеме жүргізілді

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41