Алғыс айту күні
- Қаралды: 75
№69 «Еркем-ай» балабақшасының тәрбиеленушілерінің алғыс айту күнімен құттықтауы.
Алғыс айту күні — адамдардың бір-біріне шынайы ризашылығын білдіретін ерекше күн. Балабақшада бұл күнді балалар мен тәрбиешілер бірге өткізіп, әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Мұндай шаралар балаларды алғыс айту мен өзара құрмет көрсетуге үйретеді. Балабақша қызметкерлеріне алғыс айту — олардың балаларды тәрбиелеудегі еңбегін бағалаудың және олардың кәсіби міндеттеріне деген құрметтің маңызды бөлігі. Алғыс айту күні балабақша тәрбиеленушілері балабақша қызметкерлеріне ризашылық білдірді. Алғыс айту күні — балаларға оң эмоциялар мен жақсы қасиеттерді тәрбиелеуге көмектесетін тамаша мүмкіндік.


Тақырыбы: Үздік жас маман - 2025 Байқаудың мақсаты – жас маманның әлеуетін арттыру, құзіреттілігін заман талабына сай жетілдіру және кәсіби дамуға бағыттау, өзара тәжірибе алмасу. Жас мамандардың біліктілігін, өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілік пен қарауға бар күш жігерін жұмсауға балу.
“Айгөлек” тобы Тақырыбы: Балаларды көшедегі және үйдегі қауіпсіз мінез- құлық дағдыларына баулу.
Бір тұтас тәрбие бойынша жасампаздық пен жаңашылдықтың мақсаты - балалардың танымдық, шығармашылық, әлеуметтік дағдыларын дамыту үшін жаңа әдістер мен технологияларды енгізу, оларды заман талабына сай тәрбиелеу.