Бүгін наурыз айының 13 күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «Тоғызқұмалақ Зияткерлік Қауымдастығы» РҚБ бірлесе отырып Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Бестемше» өңірлік ұлттық ойын жарысының аудандық кезеңі №69 «Еркем-ай» балабақшасында Нұра, Есіл және Алматы аудандарының балабақша тәрбиеленушілері арасында сайыс өтті.
Сайыс барысында бүлдіршіндер өздерінің логикалық ойлау қабілеттерін, тапқырлықтары мен шеберліктерін көрсетті. Ұлттық ойын арқылы балалар зияткерлік қабілеттерін дамытып, достық пен ынтымақтастықтың үлгісін танытты.
Жарысқа үш ауданнан келген бүлдіршіндер қатысып, бестемше ойыны бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар ойын барысында тапқырлық, шапшаңдық және ойлау қабілеттерін танытып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Сайыс соңында әділқазылар алқасының шешімімен үздік өнер көрсеткен қатысушылар марапатталып, барлық бүлдіршіндерге алғыс білдірілді. Мұндай шаралар балалардың ұлттық құндылыққа деген қызығушылығын арттырып, олардың жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Барлық қатысушыларға әрқашан сәттілік серік болсын және бүгінгі ойында жеңіс тұғырынан көрінген жеңімпаздарды құттықтаймыз!

