Жаңалықтар

"Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер" атты отбасылық сайыс

Бүгін №69 «Еркем-ай» балабақшасында «Жұлдыз», «Балбұлақ», «Айгөлек», «Бәйтерек» мектепалды топтарының балалары мен ата-аналарының қатысуымен «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» атты отбасылық сайыс өтті.

Сайыстың негізгі мақсаты – ұлттық тәрбие арқылы бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-аналардың бала тәрбиесіне белсенді қатысуын арттыру.

Сайысқа мектепалды топтарының тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналары (әке, ана) қатысып, әр отбасы бір команда болып өнер көрсетті.

Бірнеше кезеңнен тұрған сайыста өзін-өзі таныстырудан бастап, түрлі ойындар «Кедергіден өт», «Кім жылдам», «Теңге ілу» ойыны, «Асық ату» ойыны, «Допты қағып ал» сынды ұлттық ойындармен қатар, мақал-мәтел айтып, жұмбақтың шешуін тапты.

Әр кезеңде қатысушылардың белсенділігі, ұйымшылдығы, шығармашылығы және ұлттық құндылықтарды меңгеруі бағаланды.

Сайыс соңында қазылар алқасының шешімімен белсенді болып «Жұлдыз» тобы І орын алды. ІІ орынды «Айгөлек» алса, ІІІ орынға «Балбұлақ» пен «Бәйтерек» топтары табан тіреді. Іс-шара ата-аналар тарапынан жоғары қолдауға ие болып, тәрбиелік мәні зор болды.


         

 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41