Жаңалықтар

«Қарлығаш» тобында Республика күніне арналған «Мен – Отанымның ұланымын!»

«Қарлығаш» тобында Республика күніне арналған «Мен – Отанымның ұланымын!» атты ертеңгілік өткізілді. Іс-шараның мақсаты – балалардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, ел рәміздерін танып, құрметтеуге тәрбиелеу, қазақстандық патриоттық сезімдерін қалыптастыру болды. Ертеңгілік барысында балалар өлеңдер оқып, ән айтып, би билеп, «Ақ көгершін» кейіпкерімен бейбітшілік туралы ой бөлісті. Мерекелік шара балалардың көңілін көтеріп, Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ұялатты.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41