2025 жылдың 21-30 шілде аралығында Чехияның Пардубице қаласында Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы, Ұлттық-ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығы және Чехия Манкала Федерациясының ұйымдастыруымен “Зияткерлік ойындардың ақыл-ойды және когнитивті қасиеттерді дамытудағы ролі” атты халықаралық семинар өткізілді.
Семинарға Чехия, Оңтустік Корея, Испания, Румыния, Түркия, Украина, Венгрия, және Қазақстаннан өкілдер қатысты. Семинар барысында зияткерлік ойындардың жеке тұлғаның рухани қасиеттерін дамытудағы әсері, жасанды интеллектінің ролі талқыланды. Шет елден келген делегаттар бестемше, мангала, тоғызқұмалақ, отелло, вао, овари және басқа да түрлі зияткерлік ойындарды үйренді. Семинарға әріптесіміз тәрбиеші Таждинова Анар Жақсылыққызы қаттысты.

