Жаңалықтар

“Жас із кесушілер” “Құм қалашығы күніне” орай, ойын-сауық

Бүгін балабақшамызда “Жас із кесушілер” “Құм қалашығы күніне” орай, ойын-сауық өтті.

Мақсаты: балаларға құмның әртүрлі қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік беру. Балалардың шығармашылық ойлауын, қиялын дамыту.

Ойын-сауыққа балабашамыздың 3-6жас аралығындағы барлық балалар ат салысты.

Құммен тәжірибе жасау барысында құрғақ және сулы құмның ерекшеліктері білді. Құмның қасиеттерін зерттеп,құмнан түрлі ғимараттар (үй, мұнара, көпір, жол т.б.) салды.

Құрғақ пен сулы құмды қолмен ұстап көріп, аяқпен құмда жүріп өтті. Байлаулы көзбен құрғақ немесе сулы топырақты қолмен немесе аяқпен сезу арқылы ажырата білді.

* Қайсысы пішінді жақсы ұстайды?

* Су қосқанда не өзгереді?

* Құмды елеуіштен өткізгенде не байқады? деген сұрақтармен кері байланыс жасалды.

Құммен ойнау тек көңілді ғана емес, сонымен қатар пайдалы болды!

             

 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41