Әкелер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған "Әкеммен бірге - ұлттық мұраны ұлықтау" атты мерекелік іс - шара, әкелердің белсенді қатысуымен өтті.
Мақсаты: қатысушыларға қазақтың дәстүрлі мәдениеті мен ұлттық ойындары арқылы бай тарихи мұраны таныту және ұрпаққа ұлықтау. Сайыс барысында әкелер мен балалар бірге әрекет етіп, өзара байланыс пен сенімді күшейту арқылы отбасылық ынтымақтастықты нығайту. Ұлттық дәстүр мен отбасы құндылықтарын біріктіру арқылы, баланың өз ұлтын сүйе білетін, мәдениетін сыйлаймын, саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.
Сайыс барысында әкелер өте тамаша ойын көрсетіп жүлделі ойындарға ие болды.
Бас жүлде: Әкесі - Сагиндиков Кенжебек, баласы - Өміртай Мұстафа
Бірінші орын: Әкесі - Муканов Айдар, баласы - Хамзеева Айым
Екінші орын: Әкесі - Сатыбалдиев Бақытжан, баласы - Азамат Санжар
Екінші орын: Әкесі - Нәдір Әділ, баласы - Дәурен Алихан
Үшінші орын: Әкесі - Муминкулов Сабыржан, баласы - Муминкулов Абдурахман
Әкелер мен балалар осындай жүлделі орындар мен марапатталды.

