Жаңалықтар

Қазақ тілі апталығының салтанатты ашылуы

№69 “Еркем-ай” балабақшасында қазақ тілі апталығының салтанатты ашылуы өтті. Бүгінгі күн – біз үшін аса маңызды, ерекше күн– халқымыздың рухани өзегіне айналған қасиетті ана тілімізге деген шынайы құрметтің белгісі.

Бұл апталық – мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеріп, оның терең тарихы мен бай мұрасын жас ұрпаққа дәріптеу жолындағы игі бастама.
Апталық аясында түрлі танымдық кездесулер, шығармашылық шаралар мен тәрбиелік мәні зор іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру көзделуде.

Қазақ тілі – тек қарым-қатынас құралы емес, ол – ұлттың жан-дүниесі мен болмысын айшықтайтын рухани байлығымыз. Сондықтан әрбір қазақстандық ана тілін ардақ тұтып, оны жетік меңгеруге, күнделікті өмірде кеңінен қолдануға ұмтылуы қажет.

 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41