Жаңалықтар

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

№69 «Еркем-ай» балабақшасының ұйымдастыруымен «Ұрпаққа аманат» атты ұстаздар, ата-ана, балабақша балаларының қатысуымен Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Аталған мерекелік іс-шара Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді 1 минут еске алумен басталды.

Мұндай айтулы күнді әрбір бала біліп, көріп, сол тәуелсіздігіміздің тәтті ұғым екенін бала жастан біліп өсу керек. Мұндай іс-шара бүлдіршіндердің бойына патриоттық сезімін қалыптастырып, ерлікке, Отаншылдыққа, елжандылыққа, аталар ерлігін мақтан тұтып, елге, жерге, ана тілімізге деген сүйіспеншілігі оянады. Яғни дөңгелек үстел мақсаты бұлдіршгіндерімізге Ұлы Отан соғысы туралы ақпарат беріп, ерте жастан бойына халыққа қызмет етуді қалыптастыру.



   

 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41