Жаңалықтар

«Бір шаңырақ астындамыз» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

№69 «Еркем-ай» балабақшасында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астындамыз» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты — балаларға елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің бірлігі мен достығы жайлы түсінік беру, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Мерекеде әр ұлттың ұлттық киімдерімен киінген тәрбиеленушілер өз өнерлерін көрсетті. Балалар ән айтып, би билеп, тақпақтар оқыды. Сонымен қатар, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындары көрсетіліп, достық пен татулықты насихаттайтын қойылымдар қойылды.

Іс-шараға ата-аналар мен балабақша қызметкерлері белсене қатысып, мерекелік көңіл-күймен тамашалады. Мұндай шаралар балалардың бойында отансүйгіштік пен ұлтаралық татулықты бағалауға тәрбиелейді.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41