Жаңалықтар

Ауданаралық «Жұлдызды жол» қалалық интеллектуалдық олимпиадасы

Бүгін Астана қаласы №69 «Еркем-ай» балабақшасында мектепке дейінгі ұйымдар арасында ауданаралық «Жұлдызды жол» қалалық интеллектуалдық олимпиадасы өтті.

Бұл XVIII «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиадасын «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Астана қаласы мектепке дейінгі мектепалды даярлық топтар арасында ұйымдастырып, білімді балалар өзара бақ сынасты. Берілген тапсырмаларды белгілі уақытта орындап, білімді балалар бақ сынасты.

Бүгінгі мектепке дейінгі ұйымдар арасында ұйымдастырылған мектепалды топтар бүлдіршіндері қатысқан интеллектуалды олимпиадаға кіл мықты қырықтан аса бала қатысып, білім деңгейін көрсетіп, шын мықтылар топ жарды.

          

 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41