Бүгін “Құлыншақ” ортаңғы тобы – Ғарышкерлер күнін ерекше атап өттік!
Балалар ғарыш әлеміне қызыға қарап, жұлдыздар мен планеталардың сырын ашуға тырысты. Проектор арқылы ғарыш туралы бейнені тамашалады.
Мақсатымыз – бала бойына ғылымға деген қызығушылықты ояту, қиялын дамыту және Отанын мақтан тұтатын ұрпақ тәрбиелеу.
Юрий Гагарин мен Тоқтар Әубәкіров аталарымыздың ерлігі – батылдықтың символы.
Бүгінгі кішкентай “ғарышкерлеріміз” ертең үлкен армандарға жол тартады деп сенеміз!

