Жаңалықтар

Білім мен инновация тоғысқан көрме

Астана қаласында «Білім беру жүйесінің стратегиялық дамуы: конституциялық құндылықтар, жасанды интеллект және адами капитал» Тамыз кеңесі өтті. Форум аясында білім беру саласындағы заманауи бағыттар мен инновациялық жобаларға арналған “БІЛІМ. AI. БОЛАШАҚ.

Инновациялар және серіктестік” көрме өтті. Іс-шара барысында білім беру ұйымдары цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және робототехника бағытындағы өз тәжірибелерімен бөлісті. Осы маңызды шараға Астана қаласы әкімдігінің №69 «Еркем-ай» балабақшасы МКҚК да белсенді қатысып, инновациялық жобасын таныстырды.

Көрме барысында балабақшамыздың тәрбиеленушілері Ыбырай Мұстафа, Болат Әмір, Талғат Қаһарман «Робототехника» бағыты бойынша өздерінің алғашқы дағдыларын шебер көрсете білді. Балалар роботтар құрастыру және планшет арқылы бағдарламалаудың алғашқы дағдыларын таныстырып, қатысушыларға заманауи технологиялардың алғашқы бастамасына деген қызығушылықтарын көрсетті.

Мұндай жобалар балалардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін, зерттеушілік дағдыларын және технологиямен жұмыс істеу құзыреттілігін дамытуға үлкен мүмкіндік береді.

         

 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41