Жаңалықтар

«Көңілді доптар мерекесі»

Бүгін балабақшамызда балалардың шат күлкісіне толы «Көңілді доптар мерекесі» өтті. Мереке барысында бүлдіршіндер түрлі қызықты ойындар ойнап, эстафеталарға қатысып, доппен орындалатын көңілді тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындады.

Осындай ойындар балалардың қимыл-қозғалысын жетілдіріп, ептілікке, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа және достық қарым-қатынасқа тәрбиелейді. Ең бастысы – әр баланың жүзінен қуаныш пен бақыттың нұрын көру біз үшін үлкен қуаныш.

        

 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41